Көміртек тотығы — «үнсіз жау»

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Көміртек тотығы (көміртек оксиді, CO) — түссіз, иіссіз және дәмсіз, отын толық жанбаған кезде түзілетін жоғары уытты газ. Аталған газдың ерекше белгісі болмағандықтан, ол адам өмірі мен денсаулығына аса қауіпті.
 
Пайда болу себептері
Тұрмыста көміртек тотығының пайда болу себептері:
• пешпен жылыту жүйелерін пайдалану қағидаларын бұзу;
• газ жабдықтарының ақаулығы;
• газ плиталарын мақсатсыз пайдалану (бөлмені жылыту үшін);
• желдету жүйесінің болмауы немесе дұрыс жұмыс істемеуі;
• мұржалардың бітелуі;
• қолдан жасалған жылыту құрылғыларын пайдалану;
• жабық бөлмелерде іштен жану қозғалтқыштарының жұмыс істеуі.
 
Көміртек тотығымен улану жағдайлары көбінесе жылыту маусымында орын алады.
 
Адам ағзасына әсері
 
Көміртек тотығы тыныс алу жолдары арқылы ағзаға түсіп, қандағы гемоглобинмен байланысады және оттегінің ағзаға тасымалдануын тежейді. Соның салдарынан гипоксия (оттегі жетіспеушілігі) дамып, ауыр зардаптарға, оның ішінде есінен тануға және өлімге әкелуі мүмкін.
 
Улану белгілері
Көміртек тотығымен уланудың негізгі белгілері:
• бас ауруы және бас айналу;
• жалпы әлсіздік;
• жүрек айну;
• жүрек қағысының жиілеуі;
• қозғалыс үйлесімінің бұзылуы;
• тыныс алудың қиындауы;
• есінен тану.
 
Аталған белгілер байқалған жағдайда шұғыл шаралар қабылдау қажет.
 
Күдік туындаған кездегі іс-әрекеттер
Көміртек тотығымен улану белгілері байқалған жағдайда:
• дереу қауіпті аймақтан шығып, таза ауаға шығу;
• бөлмені желдету (терезе, есікті ашу);
• жану көздерін пайдалануды тоқтату;
• шұғыл қызметтерді шақыру;
• қажет болған жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету.
 
Алдын алу шаралары
Көміртек тотығымен уланудың алдын алу мақсатында:
• пеш және газ жабдықтарына тұрақты техникалық қызмет көрсету;
• мұржалар мен желдету арналарының тазалығын қамтамасыз ету;
• жылыту құралдарын пайдалану қағидаларын сақтау;
• газ плиталарын және басқа құрылғыларды мақсатсыз пайдаланбау;
• жұмыс істеп тұрған құралдарды қараусыз қалдырмау;
• ақаулы жабдықтарды пайдаланбау;
• тұрғын үй-жайларда көміртек тотығын анықтайтын датчиктер орнату ұсынылады.
 
Қауіпсіздік талаптарын сақтау — төтенше жағдайлардың алдын алудың негізгі шарты. Көміртек тотығы өзінің байқалмайтын қасиеттері мен жоғары уыттылығына байланысты аса қауіпті. Белгіленген ережелерді сақтау және жабдықтарды дұрыс пайдалану адам өмірі мен денсаулығын сақтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-almaty/press/news/details/1182981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді