
Қарағанды облысы бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі А.Н. Тлешев Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласындағы “Қарағанды облысының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы” КММ-де болды.
Сапар барысында Омбудсмен балалар үшін жасалған жағдайларды, сондай-ақ мекеменің материалдық-техникалық базасының қауіпсіздік талаптары мен санитарлық нормаларға сәйкестігін тексерді.
Балалар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейту, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылды жақсарту мәселелері талқыланды.
Омбудсмен Орталық тәрбиеленушілерімен “Адал азамат және адал құқықтары” тақырыбында түсіндіру кездесуін өткізді.
Құқықтық білім беру аясында мекеме қызметкерлері үшін этика, парасаттылық және адам құқықтарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру кездесуі өткізілді. Сондай-ақ, ұлттық алдын алу тетігі институты туралы ақпарат беріліп, “Адамның іргелі құқықтары” тақырыбында дәріс өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1183063?lang=kk

Жауап қалдыру