
Ақмола облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұры-гастролерлердің қылмыстық дуэтін ұстады. Алдын ала мәліметтер бойынша, күдіктілердің есебінде кемінде бес пәтер ұрлығы бар, ал келтірілген материалдық шығын миллиондаған теңгемен есептеледі.
Жедел уәкілдердің айтуынша, ағымдағы жылдың наурыз айында облыстың бірнеше аудандарында пәтер ұрлығы фактілері тіркелген. Қаскүнемдердің зардап шегушілері Целиноград және Бурабай аудандарының, сондай-ақ Қосшы қаласының тұрғындары болды.
Барлық жағдайларда қылмыскерлер ұқсас схема бойынша әрекет етті: үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластикалық терезелерді қысып ашу арқылы жер үйлерге кірген. Үйден зергерлік бұйымдарды, қолма-қол ақшаны және басқа да құнды заттарды ұрлап кеткен.
Ұрланған зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізіп, ал түскен ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері қылмыс жасау тәсілін талдап, барлық эпизодтарда бір топ адамдар әрекет еткен деген қорытындыға келді.
Жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде күдіктілердің жеке басы анықталды. Олар Астана қаласында тұратын 30-32 жастағы екі ер адам болып шықты. Күдіктілер ұсталды.
Бүгінгі таңда олардың пәтер ұрлығының кем дегенде бес эпизодына қатысы анықталды. Сонымен қатар, тергеу барысында Аршалы ауданында айыпталушылардың жергілікті тұрғынның үйіне заңсыз кіргені анықталды, бірақ ұрлық жасап үлгермеген.
Осылай, ұрлық фактілері бойынша қылмыстық істерден басқа, ұсталғандарға қатысты тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта одан әрі тергеу әрекеттері жүргізілуде, күдіктілердің өңір аумағындағы басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы болуы мүмкін екендігі тексерілуде.
Полиция облыс тұрғындарын пәтер ұрлығының алдын алу үшін қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады.
Құқық қорғау органдары азаматтарға тұрғын үйді ұзақ уақыт қараусыз қалдырмауға, сенімді құлыптар, дабылдар мен бейнебақылау жүйелерін орнатуға және ұзақ уақыт болмаған жағдайда көршілерінен үйді қарауды сұрауға кеңес береді.
Полицейлер қарапайым сақтық шараларын сақтау пәтер ұрлығының қаупін едәуір азайтуға және мүлікті сақтауға көмектеседі деген сенімде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-akmola/press/news/details/1183104?lang=kk

Жауап қалдыру