Астанада полиция қызметкерлері омниканалды жүйе арқылы 8500-ге жуық өтініш қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елордада полиция қызметкерлері азаматтардың өтініштерін қабылдауда заманауи омниканалды жүйені тиімді пайдаланып келеді. Жыл басынан бері жүйе арқылы 8500-ге жуық өтініш тіркелді, бұл тұрғындарға өз құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтарды дер кезінде хабарлауға мүмкіндік береді.
Мысалы, қала тұрғыны демалыс күні таңғы сағат 08.30 шамасында құрылыс объектісінде бетон құйылып, тұрғындардың тыныштығы бұзылып жатқаны жөнінде хабарлады. Жедел әрекет еткен полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Құрылыс жұмыстары тоқтатылып, тұрғындардың тыныштығы қалпына келтірілді.
Омниканалды жүйе азаматтар мен полиция арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1183177?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді