
Тайынша ауданының Яснополян ауылдық округіндегі «Тайынша-Астық» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлеріне «СҚО Әділет департаментінің» РММ «№3 ауданаралық мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімі» филиалының сот орындаушылары өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау және атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту тақырыбында дәріс оқыды.
Іс-шара барысында мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мемлекеттік қызмет стандартын бекіту туралы бұйрыққа сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері түсіндірілді. Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау тәртібі де қарастырылды. Сонымен қатар, дәріс қатысушылары барлық қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/969579?lang=kk
Жауап қалдыру