Туберкулездің алдын алу бойынша ағарту іс-шарасы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 наурызда Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орай «#Иә! Біз туберкулезді жеңеміз! Қазақстанның көшбасшылығы, инновация және халықтың күшімен!» ұранымен Қарағанды-станциясының «Теміржолсу-Қарағанды» ЖШС қызметкерлері арасында Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық–эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары ағарту іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушыларға туберкулездің белгілері, алдын алу шаралары, өз денсаулығына белсенді қарау жолдары түсіндірілді. Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуалға шолу жасалды. Сондай-ақ қызылша, АПВ және басқа жұқпалы аурулардың алдын алу шаралары қаралды. Қатысушыларға жадынамалар, плакаттар таратылып, барлық сұрақтарға толық жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183523?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді