Туберкулездің алдын алу бойынша семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 13 наурызда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы «ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС «Қызылорда» филиалының локомотив депосы қызметкерлері арасында туберкулездің алдын алу тақырыбында ақпараттық-түсіндіру семинар өткізді. Семинар барысында туберкулездің жұғу жолдары, негізгі белгілері және алдын алу шаралары түсіндірілді. Қызметкерлерге аурудың алдын алу үшін уақтылы медициналық тексеруден өту, салауатты өмір салтын сақтау және жеке гигиена талаптарын орындау қажеттігі айтылды. Қатысушыларға ақпараттық материалдар беріліп, сұрақтарына жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1183518?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді