Жыл басынан бері СҚО-да көші-қон заңнамасын бұзудың 3 мыңнан астам дерегіне тосқауыл қойылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     Жыл басынан бері СҚО-да полицейлер көші-қон заңнамасының 3 мыңнан астам бұзушылығын анықтады.

     Базарлар мен вокзалдар, құрылыс нысандары мен фермерлік шаруашылықтар, фастфуд павильондары және өзге де нысандар полицияның ерекше бақылауында. Көші-қон қызметінің қызметкерлері шетел азаматтарының елде болу рұқсаттарын, еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсаттарының бар-жоғын тексереді. Жұмыс “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде жүргізілуде.

     Жыл басынан бері полицейлер облыс аумағында көші-қон заңнамасының 3334 бұзушылығын анықтады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының әкімшілік заңнамасын бірнеше рет бұзғаны үшін 10 шетел азаматы ел аумағынан тыс шығарылды. Ең жиі кездесетін бұзушылықтардың бірі — Қазақстан азаматтарының шетелден келген қонақтар туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарламауы. Сондай-ақ шетелдіктер Қазақстан Республикасында болу мерзімдерін жиі бұзады.

     Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысының аумағында барлығы 10775 шетел азаматы тұрады, олардың 6347-сі — тұрақты негізде, ал 4428 ТМД елдерінің азаматтары уақытша тұруға рұқсат алған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1183410?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді