
Ұлттық мереке — Наурыз мейрамын мерекелеу аясында 15 наурыз күні «Қайырымдылық күні» атап өтіледі. Бұл күн өзара көмекке, қолдауға және игі істер жасауға арналған мейірімділік пен қайырымдылық күні болып табылады.
Осыған орай, Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД №36 мекемесінің ұжымы бастама көтеріп, мұқтаж отбасыларға табыстау үшін азық-түлік себеттерін жинады.
Қайырымдылық көмегі Северка және Долинка кенттерінде тұратын екі көпбалалы отбасыға көрсетілді. Азық-түлік себеттеріне бірінші кезекте қажетті тауарлар мен азық-түлік өнімдері енгізілді. Бұл көмек отбасыларға қолдау көрсетіп, қамқорлық пен назардың бар екенін сезіндіруге мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskaraganda/press/news/details/1183405?lang=kk

Жауап қалдыру