ҚОЛӨНЕРШІЛЕР ОРТАЛЫҒЫНДА ҰЛТТЫҚ ӨНЕР ДӘСТҮРІ ЖАЛҒАСУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Наурыз мерекесі қарсаңында Түркістан қаласындағы «Қолөнершілер орталығы» ұлттық мұраны сақтау, дәстүрлі қолөнерді дамыту және өңірдің мәдени-туристік әлеуетін арттыру бағытында жұмысын жалғастыруда.
Бүгінде орталықта 35-ке жуық шебер еңбек етіп, ағаштан ойылған бұйымдар, керамика, киіз және тоқыма өнімдері, ұлттық киімдер мен зергерлік әшекейлер секілді қолөнер туындыларын дайындауда. Әрбір бұйым – шебердің маңдай тері мен ұлттық дәстүрдің сабақтастығын айқын көрсететін ерекше туынды.
Сондай-ақ орталық аумағында орналасқан «Бейнелеу өнері» музейінде жергілікті суретшілер мен қолөнер шеберлерінің картиналары мен шығармашылық жұмыстары қойылған. Көрмедегі әр туынды ұлттық мәдениет пен өнердің терең мазмұнын бейнелейді.
Наурыз мерекесі қарсаңында орталықта дайындалатын ұлттық бұйымдарға келушілердің қызығушылығы артып, қазақы дәстүр мен қолөнер мәдениетін дәріптеуге ерекше көңіл бөлінуде. Мұнда ұсынылған бұйымдар ұлттық өнердің сабақтастығын көрсетіп, халықтық мұраны кеңінен насихаттауға үлес қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1183591?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді