Алматыда Шаңырақ күніне орай жас аналарға құрмет көрсетілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы қаласындағы №2 қалалық перинаталдық орталықта жаңа босанған аналарды құттықтауға арналғані мерекелік іс-шара өтті.

17 наурыз — Шаңырақ күніне орай Медеу ауданы әкімдігінің өкілі, «Отбасы қолдау орталығының» директоры Арлан мырза перинаталдық орталыққа барып, жас аналарды мәні терең мерекемен құттықтады.

Іс-шара барысында аналарға алғыс хат пен естелік сыйлық табысталды. Қонақтар ақжарма тілектерін ақтарып, құттықтады.

Айта кетейік, Шаңырақ күні — отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты насихаттайтын ерекше мереке. Ал сәбилің дүниеге келуі — әрбір шаңыраққа қуаныш пен үміт сыйлайтын маңызды сәт.

Осындай игі шаралар қоғамда мейірім мен қамқорлықты нығайтып, жас отбасыларға қолдау көрсетудің маңызын арттыра түседі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1183584?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді