
Қызылорда облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінде тергеушілер арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды. Сайысқа департаменттің алты тергеушісі қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады. Қатысушылар тест сұрақтарына жедел жауап беру, ситуациялық тапсырмаларды талдау және кейстерді шешу арқылы өздерінің білім деңгейі мен кәсіби біліктілігін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша Тергеу басқармасының аға тергеушісі, ЭТҚ аға лейтенанты Қонақ Бауырлан Сұлтанұлы жеңімпаз атанды.
Айта кету керек, Бауырлан Сұлтанұлы алдағы уақытта Қаржылық мониторинг агенттігінің ұйымдастыруымен Алматы қаласында өтетін «Тергеуші кубогы» атты зияткерлік ойын-викторинасына қатысып, өңір намысын қорғайтын болады

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-kyzylorda/press/news/details/1183053?lang=kk

Жауап қалдыру