Қайырымдылық — асыл қасиет: Тікқайын және Көктоғай мектептерінің еріктілері қарияларға қамқорлық көрсетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Наурызнама» онкүндігі аясында бекітілген 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай ауылдық округте бірқатар игі іс-шаралар өтті. Осы мерекелік күннің шеңберінде Тікқайын және Көктоғай негізгі мектептерінің ерікті оқушылары ауыл қарттарына арнайы барып, шынайы қамқорлық пен көмек көрсетті.
Мектеп еріктілері қариялардың үй шаруасына қолғабыс етіп, аулаларды қардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Оқушылар тек көмек көрсетіп қана қоймай, үлкендерге жылы лебіздерін білдіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Өз кезегінде ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты аналарымыз жастардың бұл қадамына дән риза болып, ақ баталарын берді.

Бұл бастама — мейірімділік пен адамгершіліктің айқын үлгісі. Мұндай қайырымды істер ауылдағы ұрпақтар сабақтастығын арттырып, жастарды жауапкершілікке тәрбиелейді. Жақсы істің ерте-кеші жоқ, ал жасалған ізгілік әрқашан жүректен орын алады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1183049?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді