
15 наурыз – Қайырымдылық күніне орай, облыстық кәсіпкерлік және ндустриялдық-инновациялық даму басқармасының ұжымы игі іс-шара өткізді. Көктемнің шуақты мерекелері аясында мемлекеттік қызметшілер көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын созып, мейірімділік танытты.
Бұл күні басқарма қызметкерлері өз бастамаларымен екі баланы жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ананың шаңырағына барып, арнайы дайындалған азық-түлік себеттерін табыстады. Күнделікті тұрмысқа ең қажетті өнімдер жинақталған бұл көмек – қиындықты еңсеріп жүрген анаға көрсетілген шынайы қолдау мен жылулықтың белгісі.
Отбасы өз кезегінде көрсетілген көмек пен көңілге ризашылығын білдіріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
Айта кетейік, Наурызнама онкүндігі аясында аталып өтетін Қайырымдылық күні адамдарды бірлікке, бауырмалдыққа және ізгілікке шақырады.
Мейірімділік жүректен басталады, ал кішігірім көмек үлкен үміт сыйлайды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-kasipkerlik-industiya-innovatsiya/press/news/details/1182910?lang=kk

Жауап қалдыру