Жұмыс орнында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы кездесу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 наурызда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің бас маманы С. Төлегенов «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы қызметкерлерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында қызметкерлерге еңбек қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптар, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету шаралары және өндірістік жарақаттардың алдын алу тәртібі жан-жақты түсіндірілді. Арнайы назар техника қауіпсіздігі мен өндірістік травматизмнің алдын алуға аударылды.

Сонымен қатар, қатысушыларға еңбек қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі, олардың бұзылуының салдары туралы айтылды. Жұмыс орындарында қауіпсіздікті арттыру және ықтимал тәуекелдерді болдырмау бойынша ұсынымдар берілді.

Аталған түсіндірме жұмысы қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыруға және қауіпсіз еңбек мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-inspekciya/press/news/details/1182777?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді