
Қарақия ауданына қарасты Мұнайшы ауылында елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту және қоршаған ортаның тазалығын сақтау мақсатында ауқымды тазалық жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Ауыл аумағын абаттандыру мен көркейтуге бағытталған бұл шаралар жергілікті тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға, сондай-ақ экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Аталған жұмыстарды тиімді әрі жүйелі ұйымдастыру үшін арнайы техникалар тартылып, ауыл көшелері мен қоғамдық орындарда тазалау, қоқыс шығару және ретке келтіру жұмыстары жүргізілуде. Осы мақсатта Құрық және Жетібай елді мекендерінен, сондай-ақ бірқатар өндірістік мекемелерден арнайы техникалар шақыртылып, іске жұмылдырылды.
Тазалық шаралары барысында ауыл көшелерінің бойындағы тұрмыстық қалдықтар мен бей-берекет жиналған қоқыстар шығарылып, жол жиегі мен қоғамдық орындар ретке келтірілуде. Сонымен қатар, ауылдың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету үшін аумақтарды тегістеу, ескі қалдықтарды жинау және инфрақұрылым маңын тазарту жұмыстары да жүргізілуде.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1182723?lang=kk

Жауап қалдыру