Референдум учаскелерінің дайындығы бақылауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев Асқар Тоқмағанбетов, Сәкен Сейфуллин, Қалжан Ахун және аудан орталығындағы референдум учаскелерін аралап, дайындық жұмыстарымен танысты. Аудан басшысы әрбір елді мекендегі учаскелердің жай-күйін көріп, дауыс беру процесін ұйымдастыру деңгейіне назар аударды.
Аралау барысында учаскелердің материалдық-техникалық жабдықталуы, дауыс беру кабиналары мен жәшіктерінің дайындалуы, ақпараттық стендтердің орналастырылуы, сондай-ақ азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруіне қолайлы жағдайлар жасалуына да мән берілді.
Аудан әкімі жауапты сала басшылары мен учаскелік комиссия мүшелеріне референдумды заң талаптарына сәйкес, жоғары деңгейде ұйымдастыру қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ қауіпсіздік шараларын күшейтіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу және дауыс беру күні барлық қызметтердің үйлесімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1182736?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді