Көлік министрлігі су тасқыны кезеңіне теміржол инфрақұрылымының дайындығын пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Жәнібек Тайжанов су тасқыны кезеңіне теміржол көлігі инфрақұрылымының дайындығы туралы кезекті жедел кеңесті өткізді.

Магистральдық желі бойынша 734 су тасқыны қаупі бар орын анықталды және 290 вагоннан тұратын 45 су тасқынына қарсы поезд дайындау жұмыстары аяқталуға жақын.

Оңтүстік, Батыс және Шығыс өңірлер бойынша су тасқынына қарсы пойыздар 100%-ға дайын. Солтүстік өңір бойынша поездар 40%-ға дайындалды (жоспар 15 бірлік, факт 6 бірлік), объектілерді тазарту жұмыстары жоспарлы түрде жалғасуда.

Магистральдық желінің Алматы, Жамбыл, Шымкент, Қызылорда және Маңғыстау бөлімшелері бойынша баяндамаларға сәйкес су тасқыны жағдайы қалыпты түрде өтуде, қар еруінің көп бөлігі бойынша және еріген суларды өткізу штаттық режимде өтуде.

Су тасқыны кезеңінде шаралар қабылдау үшін қажетті инертті және құрылыс материалдары, оның ішінде 2,5 мың текше метр бутты тастар, 7,4 мыңнан астам темірбетон шпалдар, 10 инвентарлық металл құрылғылар, 41 инвентарлық рельс пакеттері дайындалды. Су өткізгіш құбырларды, шағын көпірлердегі қарды, мұзды және қоқыстарды тазарту, таулы және су ағатын арықтарды ашу жұмыстары жалғасуда.

Министрлікке су тасқынына қарсы пойыздарды дайындауды толық аяқтауды, теміржолға жақын орналасқан барлық жеке су қоймаларының жай-күйін тексеруді, тәулік бойы кезекшілікті ұйымдастыруды және су тасқыны жағдайы бойынша апта сайын тыңдаулар өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/transport/press/news/details/1183654?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді