
Кентау қаласында Көрісу күні – Амал мерекесіне орай «Амал келді – Жыл келді» атты мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Мерекелік шара барысында ұлттық дәстүр мен татулықты дәріптейтін композициялық көрініс қойылып, көпшілікке Көрісу күнінің мән-маңызы кеңінен таныстырылды. Көктемнің келуін, жаңару мен ізгілікті бейнелейтін мерекелік бағдарлама көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік жиында Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов пен қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов құттықтау сөз сөйлеп, барша тұрғындарды Амал мерекесімен құттықтап, елге амандық, береке мен бірлік тіледі.
Шара барысында ұлттық күй орындалып, әсем әндер шырқалып, түрлі қойылымдары ұсынылды. Сондай-ақ сахналық көріністер арқылы қазақ халқының Көрісу күніне тән салт-дәстүрлері көрініс тауып, үлкендерге құрмет, ағайын арасындағы татулық пен кешірімділік насихатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1182664?lang=kk

Жауап қалдыру