Мемлекеттік еңбек инспекторлары ҮЕҰ-ға арналған семинарға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 наурыз күні Батыс Қазақстан облысының Азаматтық ресурстық орталығы, «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне арналған «ҮЕҰ-дағы еңбек заңнамасы және еңбек қатынастарын рәсімдеу» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ электрондық еңбек шарттарын жүргізу талаптарының күшеюіне және Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде (ЕШЕБЖ) жұмыс істеу мәселелеріне байланысты ұйымдастырылды.

Семинар барысында еңбек қатынастарын дұрыс рәсімдеу, қызметкерлермен еңбек шарттарын жасасу, сондай-ақ еңбек заңнамасы талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.

Іс-шараға спикер ретінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторлары А.Батыров пен Т.Асылбеков қатысты.

Өз сөздерінде мемлекеттік еңбек инспекторлары қатысушыларға еңбек шарттарын ЕШЕБЖ-да тіркеу талаптарын, еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелерін, сондай-ақ еңбек заңнамасы нормаларын практикада қолданудың өзекті тұстарын түсіндірді.

Семинарға өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысып, еңбек қатынастары саласындағы заңнама талаптарын сақтау және құқықтық сауаттылықтарын арттыру мәселелеріне қызығушылық танытты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1182656?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді