17 наурыз — Шаңырақ күні

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

 

17 наурыз — Шаңырақ күні — отбасы құндылықтарын, бірлік пен татулықты дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн – әр шаңырақтың берекесі мен бірлігін нығайтып, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын маңызды сәт.

Шаңырақ – қазақ халқы үшін тек баспана белгісі ғана емес, ол – отбасының, ынтымақ пен жылулықтың нышаны. Әрбір шаңырақ биік, керегесі кең, босағасы берік болсын деген ізгі тілек бұл күні ерекше мәнге ие.

Осы атаулы күнге орай Баянды ауылы әкімінің аппаратының қызметкерлері 50 жылға жуық бірге ғұмыр кешіп, жұбайымен бірге ұстаздық етіп одан әрі зейнеткерлікке шыққан Төлегеновтар отбасын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Ізгі тілектерін арнап, отбасының берекесі мен бірлігін үлгі етіп, құрмет көрсетті.

⚜️Баянды ауылы әкімі аппаратының баспасөз қызметі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau-munaily-bayandy/press/news/details/1183678?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді