ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА «АШЫҚ ЕСІК КҮНІ» ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Наурызнама онкүндігінде “Заң мен тәртіп” қағидаты аясында 15 наурыз — Қайырымдылық күніне орай Шымкент қаласындағы «Shymkent Plaza» сауда ойын-сауық орталығында тұрғындарға құқықтық көмек көрсету мақсатында «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Қала тұрғындары түрлі мемлекеттік органдар мен құқықтық институттардың өкілдерінен тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Іс-шараға бірқатар мекемелердің өкілдері қатысты. Атап айтсақ, Шымкент қаласының прокуратурасы, Шымкент қаласының Әділет департаменті,Полиция департаменті, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамту басқармасы, Отбасы банк өкілдері, сот орындаушылар, нотариустар, адвокаттар азаматтарға заңгерлік, әлеуметтік, тұрғын үй, жұмыспен қамту және басқа да өзекті мәселелер бойынша түсіндірме және кеңес беріп, жадынамалар таратылды.

Мұндай кездесулер тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті мәселелерді тікелей мамандармен талқылауға мүмкіндік береді.

 Қайырымдылық күні — қоғамдағы өзара көмек пен қолдаудың маңызды белгісі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shymkent/press/news/details/1182602?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді