
«Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақтөбе облысы бойынша департаменті Ақтөбе автожол колледжі студенттерімен және оқытушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Департамент өкілі ретінде басқарма басшысының орынбасары Аслан Құламанов сөз сөйлеп, жастарға кәсіби қызметтегі адалдық, заңдылық және жауапкершілік қағидаттары туралы айтып берді. Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері, құқықтық сауаттылық және жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы рөлі талқыланды.
Студенттер диалогқа белсенді қатысып, сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу тетіктері және өз құқықтарын қорғау жолдары туралы сұрақтар қойды. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар қызметіндегі ашықтықтың маңыздылығына ерекше назар аударылды.
Департамент қоғамда сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділікті қалыптастыруға және заңдылық пен құқықтық тәртіп қағидаттарын нығайтуға бағытталған жастарды құқықтық ағарту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.
#Заң_мен_Тәртіп
#ЗАҢменТӘРТІП
#АдалАзамат
#Әділдік
#Жауапкершілік
#Заңүстемдігі
#Заңбәрінеортақ
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/anticorruption-aktobe/press/news/details/969936?lang=kk

Жауап қалдыру