
Астанадағы №100 жалпы орта білім беретін мектепте «Табиғатты бірге қорғайық» экологиялық квесті өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Аталған іс-шара Астана қаласы әкімдігінің Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және №100 жалпы орта білім беретін мектептің ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Қамқор» жобасын, сондай-ақ «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру, табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілді. Іс-шараға мектептің 7-сынып оқушылары қатысты.
Квест – қатысушылардың қызығушылығын арттырып, білімдерін ойын түрінде толықтыруға мүмкіндік беретін заманауи әдіс. Квест барысында қатысушылар кітапхана ішінде орналастырылған QR-кодтарды іздеп тауып, смартфон арқылы сканерлеп экология тақырыбына берілген тапсырмаға жауап берді. Жауаптар кітаптар мен оқу залының ақпараттық материалдары арқылы табылды.
Іс-шара танымдық және ойын форматында өтіп, қатысушылардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын және кітапхана ресурстарын тиімді пайдалануын арттыруға бағытталды. Қатысушылар экология тақырыбына арналған сұрақтарды дайындап, QR-кодтар жазылған тапсырмаларға берілген уақыт ішінде жауап берді. Экология тақырыбына арналған кітаптар, энциклопедиялар, анықтамалық материалдар кітапханаға қойылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1183752?lang=kk

Жауап қалдыру