
Бүгін 2026 жылғы 6 наурызда Департаментте 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент басшысы Жүнісбекова Айнагүл Аманбайқызы департаменттің әйелдер қауымына жылы лебізін құттықтау сөз арқылы білдірді.
Іс-шара барысында Орал қаласының әкімі Мұрат Болатұлы Байменовтың атынан қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің басшысы Розлана Саматқызы Даумова, медициналық қызметті сертификаттау және лицензиялау бөлімінің бас маманы Айнұр Бауыржанқызы Жантешева және фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімінің бас маманы Гүлия Таранқызы Серікболат алғыс хаттармен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің ұжымы әріптестерін Р.С. Даумова, А.Б. Жантешева, Г.Т. Серікболат марапаттарымен және алдағы мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Мықты денсаулық, кәсіби өсу мен амандық тілейді

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zko/press/news/details/1183750?lang=kk

Жауап қалдыру