Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

“AMANAT” партиясы Байзақ аудандық филиалы партия жақтастарымен бірге Байзақ аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ұжымымен қабылданған жаңа Конституцияға байланысты дөңгелек үстел өткізді.
Кездесу барысында жаңа Конституцияның ел дамуы үшін маңызы, қоғамдағы әділеттілік пен заң үстемдігін нығайтудағы рөлі кеңінен талқыланды. Қатысушылар конституциялық өзгерістердің мемлекет пен қоғам өміріндегі жаңашыл бағыттарын атап өтіп, оның Әділетті Қазақстанды қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды.
Дөңгелек үстел барысында азаматтық белсенділік, қоғамдық келісім мен тұрақтылықты сақтау мәселелері де сөз болып, жаңа Конституцияның ел болашағы үшін маңызы зор екені айтылды.
Қатысушылар өзара пікір алмасып, қабылданған Конституциялық реформалар халықтың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің одан әрі дамуына серпін беретінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1182231?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді