«АНА – ӨМІР ШЫРАҒЫ» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Бүгін 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Сауран ауданында «Ана – өмір шырағы» атты мерекелік іс-шара өтті.
Салтанатты жиынға Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров, Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Баймахан Сүлейменов пен Жанар Темірбекова, аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев, ақ жаулықты аналар, сондай-ақ ауданның түрлі саласында еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер қатысты.
Мерекелік шара барысында аудан әкімі Мақсат Таңғатаров барша аналар мен қыз-келіншектерді Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлі мен еңбегіне ерекше тоқталды. Сонымен қатар бірқатар азаматшаларға Алғыс хаттар табыстап, «Сауран ауданына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапаттап, арнайы сый-сияпаттар ұсынды.
– Бақыттың бастауы, берекенің ұйытқысы – ана. Қай кезеңде болмасын ұрпаққа өмір сыйлаған аналардың орны ерекше. Анаға құрмет көрсетіп, қадірлеу – біздің басты парызымыз. Бүгінде өңіріміздің білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және әлеуметтік салаларының негізгі жүгін әйелдер қауымы көтеріп келеді. Сонымен қатар шағын кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын дамытуда да нәзік жандылар елеулі жетістіктерге жетуде. Бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен қоғам дамуына үлес қосып жүрген әйелдер қауымына әрдайым құрметіміз ерекше. Осы мереке қарсаңында Сіздерге шынайы алғысымды білдіремін, – деді аудан басшысы.
Жиын барысында Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Баймахан Сүлейменов пен Жанар Темірбекова да аналарды мерекемен құттықтап, ақ жаулық тарту етті. Ал аудандық мәслихат төрағасы Сержан Байсбаев аяулы аналарға ізгі тілегін білдіріп, Алғыс хаттар табыстады.
Мерекелік іс-шара мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасына ұласып, жиналған көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
©️ Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1182229?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді