Қарабұлақ ауылында 14 – наруыз Көрісу күні аталып өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарабұлақ ауылдық клубы мен Қарабұлақ ауылдық әкімшілігі қызметкерлері 14 наурыз – Көрісу күніне орай ауыл мекемелерін аралап, мерекелік құттықтау шарасын өткізді. Атап айтқанда, мереке аясында Қарабұлақ мектеп-балабақшасына, мектеп жанындағы балабақша «Еркетай» тобына, сондай-ақ Қарабұлақ медициналық пунктіне арнайы барып, ұжым қызметкерлерімен көрісіп, жылы лебіздерін білдіріп, мерекемен құттықтады. Мекеме қызметкерлері де Ұлыстың ұлы күні қарсаңындағы бұл игі бастаманы ерекше ықыласпен қарсы алып, Наурыз мерекесіне сай ұлттық нақышта дайындалып, қонақтарды жылы қарсы алды. Көрісу барысында ақжарма тілектер айтылып, мерекелік көңіл-күй сыйланды.
Бұл шара – адамдар арасындағы сыйластық пен бірлікті нығайтып, ұлттық дәстүрімізді жаңғыртуға бағытталған тағылымы мол кездесу болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karabulaq/press/news/details/1182209?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді