Целиноград аудандық мәслихатының сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 16 наурызда аудан әкімі аппаратының мәжіліс залында Целиноград аудандық мәслихатының депутаты, тұрақты комиссия төрағасы Гүлнар Ғалиоллақызы Сабитованың төрағалығымен Целиноград аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Бірлескен отырыс барысында кезектен тыс алпыс екінші сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселелер алдын ала қаралды.

Комиссиядан аяқталған соң кезектен тыс алпыс екінші сессия өтті.

Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімдігі өкілдері және мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты. Сессия барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Целиноград аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 180/23-8 «Целиноград ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша «Целиноград ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Маржан Омарқызы Смағұлова баяндама жасады.

Сондай-ақ депутаттар Целиноград ауданы әкімдігі жанындағы арнайы комиссияның, жер комиссиясының және аудандық бюджеттік комиссияның дербес құрамын бекітті.

Бұдан бөлек, Целиноград аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 419/56-8 «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл мәселе бойынша «Целиноград ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Анара Серікбайқызы Беркеева ақпарат берді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1182195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді