
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің (бұдан әрі – Әдеп кодексі) талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуде 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары іс-шараларының 2 тараудың 2.1. тармақшасын орындау бойынша.
Департамент басшысының бұйрығы негізінде арнайы тексеруден өткеннен кейін М.А.Кенбаева минералды-шикізат базасының жай-күйін, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бөлімінің бас маманы болып тағайындалды. М.А.Кенбаева мемлекеттік лауазымға алғаш рет қабылданып отыр.
Департамент басшысымен М.А.Кенбаеваға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет нормаларының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың және Әдеп кодексінің нормаларының сақталуы, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарының сақталуы туралы түсініктеме берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/geology-wkn/press/news/details/1182151?lang=kk

Жауап қалдыру