НАУРЫЗНАМА ОНКҮНДІГІ АЯСЫНДА МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРЛЕР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

16 наурыз күні Наурызнама онкүндігі аясында Мәдениет және ұлттық дәстүрлер күніне арналған танымдық іс-шара аудан орталығындағы Жастар алаңында ұйымдастырылды.

Мерекелік шара барысында алаңға тігілген киіз үйде аудандық музей мен аудандық кітапхана ұжымдары қазақ халқының ұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған көрме ұсынды. Көрмеде XIX–XX ғасырлардағы қазақ отбасыларының тұрмысында пайдаланылған ұлттық музыкалық аспаптар мен тұрмыстық бұйымдар көпшілік назарына ұсынылды.

Сонымен қатар киіз үй ішінде ұлттық тағамдар мен сусындарға толы мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға наурыз көже, айран секілді дәстүрлі дәмдер ұсынылды. Көрмеге келген көрермендерге қазақ халқының көне салт-дәстүрлерінің бірі – «Көтендестіру» дәстүрі таныстырылып, оның мағынасы мен тәрбиелік мәні түсіндірілді.

Іс-шара аясында қолөнер шебері Гүлжан Жүсіпбекованың қолмен жасалған әшекей бұйымдары да көрмеге қойылды. Шебер бір жылдан астам уақыт бойы ағаштан әшекейлер жасап, киімдер мен тұрмыстық заттарға ұлттық ою-өрнектер салумен айналысып келеді. Оның туындылары көрме қонақтарының ерекше қызығушылығын тудырды.

Ұйымдастырылған көрме тұрғындарға қазақ халқының бай мәдени мұрасы мен ұлттық дәстүрлерін таныстырып, Наурыз мейрамының рухани маңызын айқындай түсті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1182115?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді