
8 наурыз – Халықаралық, әйелдер күні қарсаңында Департаменттің ер-азаматтары сұлу да сымбатты әріптестерін мерекелерімен құттықтап, гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табыс етті.
Мерекелік шара барысында Департаменттің қыз-келіншектеріне ізгі тілектер айтылып, шынайы құттықтаулар жолданды. Бұл өз кезегінде ұжымға ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.
Сонымен қатар, департаменттің бас мамандары Есалиева Лейла Бурабековна және Молдабаева Кенжегүл Асадуллақызы әйелдер мерекесіне орай еңбек және әлеуметтік қорғау саласында халыққа сапалы қызмет көрсетіп, кәсіби шеберлігі мен адал қызметі үшін, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің “Құрмет грамоталарымен” марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-inspection/press/news/details/1182086?lang=kk

Жауап қалдыру