
Мүлікті мемлекет кірісіне тәркілеу-бұл заңсыз алынған, не сот шешімі бойынша мемлекет меншігіне қайтарылуға жататын мүлікті өндіріп алу рәсімі.
Бұл шараның басты мақсаты-заңдылықты қамтамасыз ету, әділдікті орнату және мемлекет мүддесін қорғау.
- Құқықтық негізі:
Мүлікті тәркілеу Қазақстан Репсубликасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстері, сондай-ақ “Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы” Заң негізінде жүзеге асырылды.
- Атқару тәртібі:
Сот орындаушы атқарушылық құжатты алған соң, борышкердің мүлкін анықтап, есепке алып, тәркілеу және оны мемлекет кірісіне өткізу бойынша іс-шараларды орындайды.
- Маңызды ескерту:
Тәркілеу кезінде борышкердің құқықтары мен заңды мүдделері сақтаулы тиіс. Барлық әрекеттер заңнама талаптарына сай жүргізіледі.
- Мемлекетке өткізу:
Тәркіленген мүлік арнайы есепке алынып, уәкілетті мемлекеттік органдар арқылы мемлекет кірісіне өткізіледі.
Мемлекет кірісне тәркілеу- заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңызды тетігі. Әр азамат заң талаптарын сақтап, өз мүлкі мен міндеттемелеріне жауапкершілікпен қарау тиіс.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1182085?lang=kk

Жауап қалдыру