Колледж студенттері төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдар бойынша жаттығу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтық қорғаныстың халықаралық күні аясында Өскемен технология және сервис колледжінде төтенше жағдайлар кезінде халықтың іс-қимылдары бойынша жаттығу өткізілді.

Студенттер химиялық қауіпті объектілердегі авариялар мен жер сілкінісі кезіндегі іс-әрекет алгоритмін пысықтады.

Азаматтық қорғаныс басқармасының қызметкерлері тыныс алу органдарын қорғауға арналған ең қарапайым жеке қорғаныс құралы – мақта-дәке таңғышын қалай дайындау және оны дұрыс тағу керектігін көрнекі түрде көрсетті.

Сонымен қатар «Баршаңыздың назарыңызға!» дабылы бойынша іс-қимылдар пысықталып, химиялық қауіпті объектідегі авария кезінде қауіпті аймақтан жылдам шығу мүмкін болмаған жағдайда оқу сыныбын герметизациялау жүргізілді.

Тағы бір пысықталған элемент – сейсмикалық жаттығу. Дабыл берілген кезде студенттер ғимарат ішіндегі қауіпсіз орындарға жылдам орналасты.

«Мұндай жаттығулар адамдарға ықтимал төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету алгоритмін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Әр адамның “Баршаңыздың назарыңызға!” дабылы кезінде қалай әрекет ету керектігін, тыныс алу органдарын қалай қорғау қажеттігін, қауіпті аймақтан қалай қауіпсіз шығу керектігін және жер сілкінісінің алғашқы дүмпулері кезінде қалай әрекет ету қажет екенін түсінуі өте маңызды. Алынған білім мен дағдылар өмір мен денсаулықты сақтауда шешуші рөл атқаруы мүмкін», — деп атап өтті ШҚО ТЖД бастығының орынбасары Исхар Савазов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1181994?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді