
2026 жылғы 13 наурызда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Павлодар облысы бойынша өкілі И.В. Тарасенко өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығына барды.
Мекеме 1 жылға дейін уақытша тұруды, тамақтануды, жұмысқа орналасуды және құжаттарды қалпына келтіруге жәрдемдесуді қамтамасыз ете отырып, баспанасынан, жұмысынан айырылған немесе басқа дағдарыстық жағдайларға тап болған адамдарға көмек көрсетеді.
Орталықтың қуаты – 155 төсек-орын. Барған кезде орталықта 144 қызмет алушы болды. Өкіл көрсетілетін қызметті алушылардың тұру жағдайларына, медициналық қамтамасыз етілуіне және тамақтануына мониторинг жүргізді. Ғимарат 42 бейнебақылау камерасымен жабдықталған.
Бару нәтижелері бойынша тиісті ұсынымдар жолданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-pavlodar-oblysy/press/news/details/1181982?lang=kk

Жауап қалдыру