ЛЕҢГІР ҚАЛАСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІНІҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
▪️Төлеби ауданы, Леңгір қаласының орталық алаңында «Ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
 
▪️Жәрмеңкеге жергілікті шаруа қожалықтары мен кәсіпкерлер қатысып, өз өнімдерін тұрғындарға нарық бағасынан төмен бағада ұсынды.
 
▪️Сатылымға көкөністер, жеміс-жидектер және басқа да азық-түлік тауарлары шығарылды. Нарық бағасынан 15–20 пайызға төмен ұсынылған өнімдерге дауыс берушілердің қызығушылығы жоғары болды.
 
▪️Айта кетейік, Төлеби ауданы бойынша референдум учаскелерінің саны – 69. Қазіргі таңда аудан халқы 121 мыңнан астам адамды құрайды. Оның ішінде 69 358 азаматтың дауыс беру құқығы бар. Бұл жалпы халықтың 56,9 пайызына тең.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1181981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді