
Солтүстік Қазақстан облысында өзендердегі мұзды жару
жұмыстары басталды
Өткен жылдардың тәжірибесін ескере отырып, тасқын судың қауіпсіз өтуін қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерінің бірі – мұзды ұсақтау үшін бақыланатын жару жұмыстарын жүргізу.
Биыл бұл жұмыстар 16–21 наурыз аралығында Есіл өзенінде, оның салаларында және облыстың шағын өзендерінде жүргізілуде.
Жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі мақсаты – мұз жамылғысын әлсірету және бұзу, мұз кептелістерінің пайда болуын болдырмау, мұздың еркін жүруін қамтамасыз ету және көктемгі су тасқыны кезінде өзен арналарының су өткізу қабілетін арттыру. Бұл елді мекендерді, инфрақұрылым нысандарын және ауыл шаруашылығы алқаптарын су басу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі уақытта жұмыстар Қызылжар ауданы аумағындағы Есіл өзенінде жүргізілуде. Бүгінгі күні 5 учаскеде жұмыстар атқарылып, жалпы аумағы 2 600 шаршы метр мұз ұсақталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-sko/press/news/details/1183813?lang=kk

Жауап қалдыру