ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗІЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы орта қалыптастыру мақсатында, Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының қызметкерлері және қоғамдық ұйым өкілінің қатысуында Мақтаарал ауданының білім бөлімінің «Абылайхан атындағы №2 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына кезекті қоғамдық бақылау жүргізілді.

Қоғамдық бақылау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі, ғимараттардың кіре берісіндегі және ішкі жағдайлары мен қызмет алу орындары мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолайлы болу жағдайларына мән берілді. Бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсету жағдайымен танысып, қызмет алушылардың өтініштерін қабылдаудың сапалы ұйымдастырылуы, көрсетілетін қызметтердің қағида мәтіндері мен өтініштерді толтыру үлгілерін ғимараттың көзшолымды орындарына орнату, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышының жай-күйі, мемлекеттік қызмет алу кезінде кезекті ұзақ күтуін барынша болдырмау және тағы басқа осы саладағы мәселелер қаралды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-maktaaral/press/news/details/1181953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді