
Департамент қызметкерлері республикалық референдумға белсенді қатысып, мемлекеттік істерді басқаруға қатысу жөніндегі конституциялық құқықтарын жүзеге асырды.
Референдум — Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша өз еркін тікелей білдіруінің маңызды тетігі болып табылады.
Департамент ұжымы дауыс беру күні заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген немесе нақты тұрған жері бойынша дауыс беріп, жоғары азаматтық жауапкершілік пен құқықтық мәдениет үлгісін көрсетті.
Қызметкерлердің референдумға қатысуы олардың белсенді азаматтық ұстанымын, заңдылық қағидаттарына құрметін және демократиялық құндылықтарға адалдығын айқындайды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-almaty/press/news/details/1181933?lang=kk

Жауап қалдыру