“Таза Қазақстан” акциясы: елордада 83 мыңнан астам құқық бұзушылық анықталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы басталғалы полиция қызметкерлері елордада 83 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтады.

     Қоқысты заңсыз тастау, рұқсат етілмеген жерлерге ағынды суларды төгу, қоршаған ортаны ластауға байланысты басқа да заң бұзушылықтар басты назарда болды. Акция басталғалы бері 485 жүк және 239 ассенизатор көлігінің жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.

     Мәселен, Тұран даңғылы бойында 29 жастағы КамАЗ автокөлігінің жүргізушісі нәжіс қалдықтарын нөсерлік кәріз жүйесіне төгіп, абаттандыру қағидаларын бұзған. Осындай құқық бұзушылыққа жол берген ұйым жауапкершілікке тартылды.

     Полиция абаттандыру ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігімен және “109” бірыңғай анықтама қызметімен бірлесіп рейдтер жүргізіп жатыр. Алдын алу шаралары ұйымдастырылып, азаматтармен табиғатты қорғау заңнамасын сақтаудың маңызы туралы түсіндірме жұмыстары жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/1181864?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді