Астанада 16-17 наурызда зияткерлік меншікті қорғау мәселелері бойынша ұлттық семинар-практикум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (ДЗМҰ) бірлесіп өткізген
семинарда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы әлеуетті нығайту бойынша ДЗМҰ жобасы шеңберінде білім беру бағдарламасының үшінші кезеңі талқыланды.
Жоба осы саладағы бұзушылықтарға қарсы іс-қимылдың тұрақты жүйесін қалыптастыруға және құқық қолдану практикасының тиімділігін арттыруға бағытталған.
Екі күндік семинар барысында қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарын сақтау мен қорғаудың негізгі мәселелерін қарастырып, соның ішінде:
зияткерлік меншікті қорғаудың маңызы және оны қорғаудың халықаралық-құқықтық негіздері;
Қазақстанның осы саладағы тәжірибесін;
контрафактілік өнім айналымына қарсы іс-қимыл тетіктері;
құқық иеленушілердің құқықтарын қорғауда әділет органдары мен құқық қорғау органдарының рөліне тоқталды.
Ұлттық және халықаралық ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ құқық иелері баяндама жасады.
Құқық қолдану мәселелеріне, зияткерлік меншік саласындағы құқық бұзушылықтарды тергеудің қазіргі заманғы әдістеріне, сондай-ақ контрафактіге және авторлық құқықтардың бұзылуына қарсы күреске ерекше назар аударылды.
Семинарға қатысушылар сондай-ақ цифрлық технологияларды дамытуға байланысты жаңа сын-қатерлерді, соның ішінде онлайн-қарақшылыққа қарсы іс-қимыл және цифрлық ортадағы қылмыстарды тергеуді талқылады.
Семинардың практикалық бөлімі аясында контрафактілік өнімді анықтау және сәйкестендіру әдістері, құқық бұзушылықтың экономикалық аспектілері және зияткерлік меншік саласындағы істерді жүргізу әдістері қарастырылып, ұлттық заңнаманы қолдануға ерекше назар аударылды.
Практикалық сабақтар тақырыптық кейстерді талдауды және істердің күрделі санаттарын тергеудің қазіргі заманғы алгоритмдерін игеруді қамтыды. Оқу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасып, барлық үш кезеңінен өткендерге сертификаттар табысталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1183832?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді