
Павлодар облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментінің басшысы А.К. Қапанов Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары С.Б. Батырғұжиновтың төрағалығымен өткен әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық комиссияның отырысына қатысты.
Отырыс барысында АФЗ– «Қазхром» ТҰК» АҚ филиалы, «Богатырь Комир» ЖШС кәсіпорындарында өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Сонымен қатар «Кастинг» ЖШС ПФ-дағы еңбек тәуекелдерін төмендету бойынша қабылданып жатқан шаралар және «Бұлат Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1» ЖШС-де өндірістік кеңестің жұмысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Отырыс қорытындысы бойынша кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өндірістік жарақаттанудың алдын алу және әлеуметтік әріптестікті дамыту бағытындағы шараларды одан әрі күшейту қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-enbek/press/news/details/1183831?lang=kk

Жауап қалдыру