
Отырар аудандық мәслихат төрағасының
ШЕШІМІ
16 наурыз 2026 жыл № 41/VIII
Сегізінші шақырылымдағы
Отырар аудандық мәслихатының
кезектен тыс отыз бесінші
сессиясын шақыру туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 13.03.2026 жылғы № 40-10-01/615 ұсыныс хатына сәйкес:
Сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында шақырылсын.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов
Отырар аудандық мәслихатының депутаттары, аудан әкімі
мен аудан халқының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10 бабына сәйкес және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбайдың 13.03.2026 жылғы № 40-10-01/615 ұсыныс хатына сәйкес, сегізінші шақырылымдағы Отырар аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз бесінші сессиясы 2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 11:00-де Шәуілдір ауылында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін хабардар етемін.
Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының мәжілістері 2026 жылғы 19 наурыз күні сағат 10:00-де өтеді.
Сессияның қарауына енгізілетін мәселе:
Отырар аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы № 32/183-VIІI «2026-2028 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Отырар аудандық
мәслихатының төрағасы У.Ұзақов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-otyrar/press/news/details/1181820?lang=kk

Жауап қалдыру