«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында және Қайырымдылық күніне орай Солтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті Петропавл қаласындағы №50 мекемесінде көшпелі құқықтық кеңес ұйымдастырып, өткізді.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмыс тобының құрамына Солтүстік Қазақстан облысы Нотариаттық палатасының жеке нотариусы, Солтүстік Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының адвокаты, жеке сот орындаушысы, сондай-ақ Әділет департаментінің қызметкерлері кірді.

Кездесу барысында сотталған азаматтарға білікті заң көмегі көрсетілді. Олар әртүрлі құқықтық бағыттар бойынша сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды: сенімхаттарды нотариаттық рәсімдеу, атқарушылық іс жүргізу мәселелері (оның ішінде жалақыдан берешекті ұстап қалу), сондай-ақ АХАТ органдарына қатысты мәселелер мен жазаны өтеу шарттарын өзгерту тәртібі бойынша түсіндірмелер берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-sko/press/news/details/1181806?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді