
- Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль
жолдары басқармасы 2026 жылғы 17 сәуірі жергілікті сағат 15.00 – де, Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобильмен республикаішілік (облысаралық, ауданаралық) тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттың пакеті шығарылады:
№ 1 лот «Тараз қаласы – Алматы қаласы»
- Конкурста меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе
өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдары бар кез келген жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
- Конкурсқа қатысуға тілек білдірушілер Жамбыл облысы әкімдігінің
жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтінімді Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі, № 78 үй, 5 қабат, 512 кабинет мекенжайы бойынша ұсынуы тиіс.
- Конкурстық құжаттарды алуға және Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылдың 06 сәуірі сағат 12.00-ге дейін.
- 2026 жылдың 13 наурызында сағат 16.00 – де конкурстық комиссия, конкурс өткізу мәселелері жөнінде конкурс алдындағы конференцияны өткізеді.
- Анықтама алу үшін телефоны: 8 (7262) 43-06-85.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-transport/press/news/details/1181791?lang=kk

Жауап қалдыру