
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясының магистранттары – мамандық таңдауы және оқу туралы
Сот төрелігі академиясының магистранттары оқу барысындағы әсерлерімен бөлісіп, судья болуға деген мотивациясы және өздері таңдаған кәсіби жол туралы айтып берді.
Өз жауаптарында олар білім беру бағдарламасының ерекшеліктерін, оқытудың тәжірибеге бағытталған форматын және Академияның кәсіби құзыреттерді дамытуға беретін мүмкіндіктерін атап өтті.
Болашақ судьяларды даярлау тек теориялық білім алумен шектелмей, сот төрелігін жүзеге асыруға қажетті практикалық дағдыларды қалыптастыруға да бағытталған.
Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы судья кадрларын даярлау жүйесін дамытуды жалғастырып, білім мен кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етуде.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1181757?lang=kk

Жауап қалдыру