Қала әкімінің кезекті аралауы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қала әкімі тағы 30 отбасымен қоныс тойының қуанышын бөлісіп, жалдамалы пәтер кілттерін табыстады. Ұзақ жылдар бойы тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін бұл шын мәнінде маңызды әрі көптен күткен сәт.

Жаңа пәтерлер Асар-2, Тұран және Бозарық шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлерде орналасқан. Бұл аумақ бүгінде қарқынды дамып, күн сайын жаңарып келеді. Біздің басты міндетіміз – тек тұрғын үйлер салу емес, сонымен қатар жол, мектеп, балабақша және басқа да қажетті нысандар қатар орналасқан толыққанды қалалық орта қалыптастыру.

Сонымен қатар Тұран ауданында №66 орта мектепке арналған 575 орындық және №122 орта мектепке арналған 300 орындық қосымша ғимараттардың құрылысын тексерді. Қала әкімі нысандарды бекітілген кестеге сәйкес пайдалануға беруді тапсырды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-kurylys/press/news/details/1181742?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді