
Өскеменде полицейлер қаза тапқан әріптесінің отбасын құттықтады
Бүгін Наурызнама онкүндігінің басталуын білдіретін Көрісу күні мерекесіне орай Шығыс Қазақстан облысы ПД Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының бастығы Марат Баяндинов Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге әріптестері — полиция майоры Смаилов Руслан Қайырғазыұлының отбасына барып қайтты.
Руслан Қайырғазыұлы ішкі істер органдарындағы қызметке өмірінің біраз уақытын арнаған. Оның кәсіби жолы 2006 жылдың наурыз айында басталды. 2016 жылдың тамыз айынан бастап Үлбі полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесіне қарасты учаскелік полиция инспекторлары тобының учаскелік пунктіндегі жұмысты ұйымдастыруға жауапты учаскелік полиция инспекторы қызметін атқарған.
Қызмет еткен жылдары Руслан өзін ісіне адал, білікті офицер әрі әріптестеріне әрдайым қолдау көрсете білетін жан ретінде көрсетті. Көпшілік үшін ол тек қызметтес емес, әрдайым көмекке дайын сенімді жолдас болды. Жұбайы Динарамен бірге екі кәмелетке толмаған ұл тәрбиелеп өсіріп, олардан болашағына сенім артатын.
Көктемнің жаңаруын білдіретін Көрісу күні мерекесінің алғашқы күнінде полицейлер марқұм қызметкердің жұбайы Динара Смаиловаға барып, қолдау білдіріп, мерекемен құттықтады.
Ұлттық мерекелер күндері әріптестердің отбасына бару тәртіп сақшылары үшін жақсы дәстүрге айналып, бірлік, мейірімділік және ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын еске салады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1181695?lang=kk

Жауап қалдыру