
Цифрландыру және архивтер басқармасында Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шаралар ресми түрде басталды. Көрісу күні — амандасу мен жаңару мерекесіне орай бірегей жоба:интерактивті AI-аватар таныстырылды.
Жасанды интеллект технологиясы мекеме қонақтары мен қызметкерлеріне цифрлық интерфейс арқылы ұлттық мереке атмосферасына енуге мүмкіндік берді. AI-аватар қатысушыларды мемлекеттік тілде құттықтап қана қоймай, Амал мерекесінің мән-мағынасы туралы тарихи деректермен бөлісті. Заманауи IT-шешімдердің мәдени дәстүрлермен ұштасуы басқарманың қоғамдық өмірдің барлық саласын цифрлық трансформациялауға деген ұмтылысын айқындай түседі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-digital/press/news/details/1181715?lang=kk

Жауап қалдыру