Сақ болыңыз, алаяқтар!: полиция қазақстандықтарды онлайн-алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сақ болыңыз, алаяқтар!: полиция қазақстандықтарды онлайн-алаяқтықтың жаңа схемалары туралы ескертеді

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментімен бірлесіп, азаматтарға интернет-алаяқтардың жандануы туралы ескертеді. 

Қаскөйлер жалған инвестициялық платформаларды, deepfake технологияларын қолдана отырып, сондай-ақ бұрын жоғалған инвестицияларды қайтару бойынша ойдан шығарылған қызметтерді ұсыну арқылы адамдарды қаржылық афераларға тартады.

Алаяқтардың жаңа әдістері:

• Бүркеншік атаулар: Егер бұрын алаяқтар «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының атынан фишингтік сайттар жасаса, бүгінде олар өз платформаларын екінші деңгейлі банктер мен ірі құрылыс компаниялары ретінде бүркейді.

• Deepfake технологиясы: Қылмыскерлер танымал адамдардың бейнесін, видеосын немесе дауысын пайдаланып, жалған инвестициялық жобаларды жарнамалайды және азаматтардың ақшасын иемденеді.

• «Ақшаны қайтару» туралы жалған уәделер: Әлеуметтік желілерде жосықсыз брокерлерден жоғалған қаражатты қайтару бойынша қызметтер белсенді жарнамалануда. Іс жүзінде бұл — бұрын зардап шеккен жандарды қайта алдауға бағытталған схема.

Сақ болыңыз!

Қаражатыңызды қорғау үшін келесі ережелерді сақтау ұсынылады:

• Күмәнді сілтемелерге өтпеңіз;
• Дербес және банктік деректеріңізді үшінші тұлғаларға бермеңіз;
• Инвестициялық ұсыныстарды мұқият тексеріңіз, әсіресе жоғары және кепілдірілген кіріс уәде етілсе;
• Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына хабарласып, банкке ескерту жасаңыз.

Алаяқтар сіздің сеніміңізбен ойнайды. Өзіңізді алдауға жол бермеңіз.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1181687?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді